Қазақстан мен Марокко арасында қылмыскерлерді ұстап беру тәртібі жеңілдейді

АСТАНА. KAZINFORM – Парламент Мәжілісінің қарауына Қазақстан мен Марокко арасындағы ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек, сондай-ақ сотталған адамдарды беру туралы үш келісімді ратификациялауға арналған заң жобалары келіп түсті.

ұсталды,
Фото: ҚазАқпарат

- Аталған үш заң жобасы Қазақстанның халықаралық шарттары туралы заңына сәйкес әзірленді. Бұл құжат жобалары Қазақстан мен Марокко Корольдігі арасындағы қылмыскерлерді ұстап беру, сотталған адамдарды беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек саласындағы келісімдерді ратификациялауға бағытталған. Осы үш бағыт бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту ескерілген, - деді депутат Снежанна Имашева Мәжілістің жалпы отырысында

Оның айтуынша, аталған құжаттар екі елдің қылмыспен күрестің тиімділігін арттырады.

- Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті аталған жобалары бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, - деді депутат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасын қарауға қабылдады.

Соңғы жаңалықтар