Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда соңғы 10 жылда 8 млн. долларға артты

«Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда соңғы 10 жылда 8 млн. долларға артты, шамамен 63 пайызға көбейген. Соның iшiнде Қазақстанға мажарлық экспорт 145 пайызға артты», - П.Сийярто.
Бүгiнде Мажарстан Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастың инвестициялық бағытын арттыруды көздеуде.
«Бiз шығыс елдерiне инвестициялағысы келетiн мажарлық шағын және орта бизнестiң арттыруға мүдделiмiз. Бiздiң елде 2,5-3 мың шағын және орта бизнес сыртқы нарықтарда жұмыс жасауда. Бiз болашақта олардың санын 12 мыңға жеткiзудi жоспарлаудамыз. Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынастардың қарқын ала түсуi бұған жағымды үлес қосады деп үмiттенемiз», - деп атап өттi мажарлық министр.
Айта кетейiк бүгiн Астанада Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтуде. Оған екi жақтан шамамен 300-ге тарта кәсiпкер қатысуда. Түстен кейiн форумға ҚР Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмов пен Мажарстан Премьер-Министрi Виктор Орбан қатысады деп күтiлуде. Форумның қорытындысында бiрқатар келiсiмдер мен меморандумдарға қойылады.