Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейге көтерілді - К.Мәсімов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейге көтерілді. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Мажарстан бизнес форумында ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов айтты.
None
None

«Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейге көтерілді. Ал бүгінгі бизнес форум екі елдің бизнес қоғамдастығы арасындағы өзара мүдделестікті білдіреді. Қазіргі уақытта ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру үшін жақсы жағдай қалыптасып отырғанына сенімдімін», - деді К.Мәсімов.

Үкімет басшысы өз сөзінде Қазақстан экономикасының басымдығы әлемдік нарықтарда орын алып отырған энергия тасымалдаушылар құнының арзандауына байланысты экономиканы трансформациялау болатындығын баса айтты.

«Осыған байланысты біз мемлекеттік және жеке сектор есебінен қаржыландыру арқылы әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымдарды дамытудамыз. Бұған қоса, біз инновацияға және алдыңғы қатарлы технологияларға баса мән бере отырып, инудстрияландыру бойынша ауқымды бағдарламаны жүзеге асырудамыз. Бұл жобаларды табысты жүзеге асыру біздің басымдығымыз болмақ», - деді ҚР Премьер-Министрі.

Соңғы жаңалықтар