14:26, 01 Сәуір 2015 | GMT +5
Қазақстан мен Мажарстан астаналары арасында тікелей әуе рейсі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Мажарстан астаналары арасында тікелей әуе рейсі ашылады. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен болған келіссөздерден кейін Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан мәлім етті.

«Біз екі елдің астаналары арасында тікелей әуе байланыстарын ашу үшін әуе көлігі саласында келісімге қол қоймақпыз. Сонымен қатар ядролық ынтымақтастық бағытында да уағдаластыққа қол жеткіздік. Осы орайда инженерлік қызметтер бойынша ынтымақтасатын боламыз»,-деді В. Орбан.
Мұнымен қоса ол келіссөздер барысында Қазақстандағы Мажарстанның ерекше екпін қойып отырған саласы ретінде мұнай өнеркәсібі кәсіпорындары айқындалғанын атап өтті.