Қазақстан мен Мажарстан кәсiпкерлер үшiн қаржылық қор құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Мажарстан қаржылық қор құрады. Бұл туралы бүгiн Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумында Мажарстанның Сыртқы iстер және сауда министрi Петер Сийярто мәлiм еттi.
None
None

«Бүгiн бiз екi үкiмет арасында келiсiмге қол қоямыз. Оның аясында үкiметтер арасында стратегиялық кеңес құрылады. Саяси ықпалдастық одан әрi жақсарады деген сөз», - деп атап өттi П.Сийярто.

«Екiншi - бiрлескен қаржылық қор құру. Бiрiншi қадам ретiнде бастапқыда бұл қорға әр елден 20 млн. доллардан құйылады. Бұл қор екi ел компаниялары ықпалдастығының қаржылық кепiлi болмақ», - дейдi Мажарстан министрi.

Оның сөзiне қарағанда, әрiптестiкке мүдделi компаниялар үшiн несие бағыты да ашылады.

«Мажарстандағы Эксимбанкке инвестиция құюға дайын компаниялар үшiн несие бағытын ашуды тапсырған болатынмын. Бұл несие бағыты бойынша Қазақстан және Мажарстан кәсiпкерлерi 50 млн. долларға дейiн несие ала алады. Мен барлықтарыңызды өзара тиiмдi қарым-қатынас орнатуға шақырамын», - деп түйдi ол.

Айта кетейiк бүгiн Астанада Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтуде. Оған екi жақтан шамамен 300-ге тарта кәсiпкер қатысып жатыр. Түстен кейiн форумға ҚР Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмов пен Мажарстан Премьер-Министрi Виктор Орбан қатысады деп күтiлуде. Форумның қорытындысында бiрқатар келiсiмдер мен меморандумдарға қойылады.

Соңғы жаңалықтар