Қазақстан мен Мексика экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12-14 қарашада Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Елшісі Андриан Елемесов Керетаро және Гуанахуато штаттарына алғаш рет ресми сапарлармен барды.
None
None

Аталған сапардың бағдарламасы шеңберінде қазақстандық дипломат Керетаро штатының губернаторы Франсиско Домингеспен, Сантьяго де Керетаро және Сан Мигель де Альенде қалаларының муниципалитеттерінің президенттерімен (әкімдер), Керетаро штаты конгресінің депутаттарымен кездесулер өткізді. Сондай-ақ Елшіліктің ұйымдастыруымен «Қазақстан - Мексиканың Орталық Азиядағы экономикалық және мәдени серіктесі: келешегі мен мүмкіндіктері» бизнес-форумға қатысты. Ресми кездесулер барысында аталған штаттардың, Сантьяго де Керетаро және Сан Мигель де Альенде қалаларының басшылығымен екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ өзара мүдделі аймақтық деңгейде ынтымақтастықты дамыту талқыланды. Алдағы уақытта Сантьяго де Керетаро қаласының муниципалитетімен бірлесіп Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері туралы өңірдің кіші және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен ірі бизнес-форумды ұйымдастыру, сондай-ақ жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты пысықтау, академиялық және мәдени бағытта жұмысты жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстан мәдени тұсынан (кино, театр сөздері, фольклор және гастрономия) көрсете білу мүмкіндігін беретін келесі жылы өтетін жыл сайынғы мәдени халықаралық фестиваліне қатысуға (әрбір жылы сәуір-мамыр айларында) шақыру алды. Осыған қоса, сапар барысында Сантьяго де Керетаро қаласының депутаттары конгресінің жоғарғы алқасының шешіміне сәйкес, ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Елшісі Сантьяго де Керетаро қаласының Құрметті азаматы атағына ие болды. Елшінің Керетаро штатына ресми сапарының маңызды шаралардың бірі ретінде 50-ге жуық аймақтың ірі компанияларының өкілдерінің және қаланың бизнес-элиталарының қатысуларымен «Қазақстан - Мексиканың Орталық Азиядағы экономикалық және мәдени серіктесі: келешегі мен мүмкіндіктері» атты Сантьяго де Керетаро қаласының индустриялық паркінде бизнес-форум болды.

Соңғы жаңалықтар