Қазақстан мен Мысыр азаматтар үшін визалық талаптарды жеңілдету мәселесін талқылады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан мен Мысыр екі ел арасындағы визалық талаптарды жеңілдету жолдарын талқылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиевтің Мысыр Елшісі Самех Шехатамен кездесуінде белгілі болды.

Қазақстан мен Мысыр азаматтар үшін визалық талаптарды жеңілдету мәселесін талқылады
Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Мысыр Араб Республикасының Елшісі Самех Шехатаны қабылдады.

Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және консулдық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды. Соның ішінде Қазақстан азаматтары үшін визалық талаптарды жеңілдету жолдары сөз болды.

Сонымен бірге дипломаттар алдағы жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық барысын талқылап, екі ел арасындағы құқықтық-шарттық базаны кеңейтуге келісті.

Осыған дейін қазақстандықтардың қызметтік паспортпен Еуропаның үш еліне визасыз бара алатыны туралы жаздық.