Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тікелей жаңа авиақатынас бағытын ашу мәселесі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде қаралды

АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аюурзан Хараавчпен кездесу өткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Көлік ведомствосының басшысы қонақты елдегі көлік саласының даму барысы, мемлекеттің транзиттік әлеуеті туралы, сондай-ақ автожол, теміржол салалары және азаматтық авиация саласы сияқты ірі жобаларды іске асыру туралы хабардар етті.

Министр екі елдің ынтымақтастығы көлік саласында да маңызды стратегиялық мәнге ие екенін атады. Қазіргі уақытта екі ел арасында көлік және коммуникацияның бірнеше түрлері бойынша байланыс орнатылған, бірлескен жоспарлар мен перспективалар да аз емес.

Өз кезегінде, А.Хараавч негізгі мәселелерге назар аударды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тікелей жаңа авиақатынас бағытын ашу, сондай-ақ Ресей аумағы арқылы транзиттік тасымалдау мәселелері.

Ә.Құсайынов қазақстандық тараптың Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамасы аясында моңғолдық тараптың ұсыныстарын қабылдауға даяр екендігін айтты.

Авиақатынасты ашу, бірінші кезекте, ықтимал жолаушылардың бар болуына тәуелді болмақшы. Ресей аумағы арқылы транзиттік тасымалдауға қатысты мәселені министр Қазақстан, Ресей және Моңғолия үшжақты кездесуі кезінде қарауды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар