Қазақстан мен Норвегия арасында энергетикалық саладағы ынтымақтастық мәселелері бойынша құжатқа қол қойылды

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Елордада өткен VII «Kazenergy» энергетикалық форумы аясында Энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстандық-норвегиялық жұмыс тобының кезекті 4-ші отырысы өтті.
None
None

Алқалы жиынға екі елдің мүдделі министрліктері мен ведомстволарының, сондай-ақ компанияларының өкілдері қатысты, деп хабарлады ҚР-ның Норвегиядағы елшілігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстанмен ынтымақтастыққа қызығушылықтың артуын ескере отырып, жұмыс тобының 4-ші отырысына «Статойл», «Carbon Limits», «DNV», «INTSOK», «Kvaerner Caspian», «RKK» оқу орталығы сынды норвегиялық компаниялар қатысты.

Жиын барысында энергия тиімділігі саласындағы ынтымақтастық ілеспе газды кәдеге жаратудағы тәжірибемен бөлісу бойынша, қызметкерлердің біліктілігін арттырудағы, екі елдің мұнайгаз саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралып, бұл жайттар отырыс қорытындысында көрініс тапты.

Құжатқа қол қойылғаннан кейін жұмыс тобының 4-ші отырысына қатысушылар талқыланған барлық мәселелердегі ынтымақтастықтың артатындығына сенім білдіріп, Қазақстан мен Норвегия арасындағы өзара тиімді әріптестікті одан әрі жалғастыруға ниетті екендіктерін жеткізді.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша жұмыс тобының келесі отырысын 2013 жылы Норвегияда өткізу туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар