Қазақстан мен Норвегия Корольдігінің қарым-қатынастарын тереңдету мәселесі талқыланбақ

АСТАНА 7 мамыр. ҚазАқпарат - Елордада Қазақстан мен Норвегия Корольдігінің қарым-қатынастарын тереңдету мәселесі талқыланады.
None
None

Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«8 мамырда Норвегия Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Торгейер Ларсен мырзаның Қазақстанға ресми сапары басталады. Сапар аясында Норвегия Корольдігі Сыртқы істер минситрінің орынбасары ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен және мүдделі бірқатар министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен кездеседі», - деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, осы келіссөздердің аясында Қазақстан-Норвегия қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар бірлескен жобалар қарастырылмақ.

«Сонымен қатар сапар аясында норвегиялық тарап Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығымен бірлесіп, жаппай қырып-жою қаруын таратпау және қарусыздану мәселелері бойынша семинар өткізуді жоспарлап отыр»,-  деді А.Әбибуллаев.

Соңғы жаңалықтар