Қазақстан мен Норвегияның үкіметаралық комиссия құруды көздейтін Меморандумға қол қоюы күтіледі - СІМ сапары

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - 21 наурыз күні ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Норвегия Корольдігіне ресми сапары өтеді. Сапар аясында Норвегия Стортингінің (Парламент) вице-президенті Марит Нюбакпен, Сыртқы істер министрі Эспан Барт Эйдемен және басқа да Норвегия қоғамдық-саяси қайраткерлерімен бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған. Бұл туралы бүгін СІМ-де өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлім етті.
None
None

Бұл келіссөздер шеңберінде саяси, сауда-экономикалық және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мәселелері, сонымен қатар өзекті халықаралық мәселелер бойынша халықаралық аренадағы өзара ықпалдастық тақырыбы қарастырылатын болады. Екі ел сыртқы саяси ведомство басшыларының кездесуі аясында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде ядролық таратпау мен қарусыздану, Ауғанстан мен Сириядағы ахуал талқыға салынбақ. Кездесу қорытындысы бойынша мақсаты Қазақстан мен Норвегияның Үкіметаралық комиссиясын іске қосу болып табылатын екі министрлік арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылады деп күтілуде.

«Норвегия Стортинг вице-президенті Марит Нюбакпен кездесуі аясында тараптар екі мемлекет арасындағы парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін, сонымен қатар екі елдің ядролық қаруды таратпау және қарусыздану жөніндегі бастамаларын қарастыратын болады. Мұнай және энергетика министрінің орынбасарымен келіссөздер барысында Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмені ұйымдастыру мәселелері мен энерготиімділік, қоршаған ортаны қорғау және «жасыл» технологиялар салаларында норвегиялық тәжірибесімен бөлісу мүмкіндігі талқыланады. Сапар Ерлан Ыдырысовтың Норвегиялық Халықаралық қатынастар институтында (NUPI) екіжақты ынтымақтастықты дамыту мен нығайту және ғаламдық деңгейдегі мәселелер туралы дәрісімен аяқталатын болады», - дейді Жанболат Үсенов.

Соңғы жаңалықтар