Қазақстан мен Оман ақпараттық ынтымақтастықты дамытпақ
Кездесуде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Оманға жасаған ресми сапарлары барысында негізі қаланған Қазақстан-Оман екіжақты ынтымақтастығының жай-күйі мен болашақ дамуы талқыланды.
Атап айтқанда, екі мемлекеттің ақпарат мекемелері арасында жақын қарым-қатынастарды орнатудың қажеттілігі туралы пікір айтылды.
ҚР Елшісі баспасөз өкілдерінің Қазақстан мен Оманға өзара пресс-турларын ұйымдастырып, екі елдің тарихы мен салт-дәстүрлері туралы ақпараттық материалдарды даярлау жөнінде ұсыныс жасады. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі мазмұнымен таныстырды.
Өз кезегінде, омандық министр екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға барынша қолдау көрсетуге дайын екенін айта келе, екі елдің БАҚ өкілдерінің Қазақстан мен Оманға өзара танысу сапарларын ұйымдастыруға қызығушылық танытты және бұндай іс-шаралардың мемлекеттеріміздің арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға оң әсерін тигізетінін атап өтті.