Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын алғашқы туристік пойыз Ташкентке жетті

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 16 қарашада Алматыдан жолға шыққан Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы алғашқы туристік пойыз бүгін Ташкентке жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

пойыз
Фото: Әлихан Асқар / Kazinform
Жібек жолы пойызы
Фото: Әлихан Асқар / Kazinform

Алғашқы туристік пойызды Өзбекстан астанасында қарсы алу салтанаты өтті. Ол «Алматы – Түркістан – Ташкент - Алматы» бағытында жолға шыққан.

Аталған жобаны ұйымдастыруға қазақстандық тарап бастамашы болды. Тисінше, оған еліміздің тур компанияларымен бауырлас мемлекеттің туризм комитеті серіктес қолдау көрсетті.

Жібек жол пойызын қарсы алу
Фото: Әлихан Асқар / Kazinform

Бұған дейін пойыз жолаушылары Түркістанда саяхат жасап, Арыстан-Баб, Қожа-Ахмет Яссауи кесенелерін аралаған және Отырар қалашығы мен Керуен сарай кешенін тамашалаған.

Енді олар 2 күн бойы Өзбекстан астанасының көрікті жерлерін, әсем табиғаты мен тарихи орындарын аралап жатыр. Жолаушыларға қаладағы қозғалыс үшін арнайы туристік автобус берілді. Жалпы пойыздағы саяхат 20 қарашаға дейін жалғасады.

Жібек жолы пойызын қарсы алу
Фото: Әлихан Асқар / Kazinform

Айта кетейік, «Алматы – Түркістан – Ташкент - Алматы» бағытындағы рейстің алғашқысы пилоттық негізде орындалды. Алдағы уақытта ол айыны 1-2 рет қатынап отыруы мүмкін.

Ташкент вокзалы
Фото: Әлихан Асқар / Kazinform

«Осы жоба арқылы алдағы уақытта еліміз бойынша толық туристік бағыттарды ашқымыз келеді. Мәселен, Астанадан Алакөлге, кейін Алматыға әрі қарай Түркістаннан Ақтауға дәл осындай туристік пойыздарды шығару жоспарымыз бар. Қазір заманауи вагондардың санын көбейтеміз. Оған әлеуетіміз жетеді. Егер туристік ағын артатын болса, қосымша пойыздарды шығарамыз. Оның үстіне бізге 2025 жылы швейцариялық жаңа вагондар келе бастайды. Мұның бәрі біздің мүмкіндігімізді арттырады», - деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов.

Жібек жолы пойызы
Фото: Әлихан Асқар / Kazinform

«Жібек жолы» пойызының қызметін тек қазақстандық емес, сонымен бірге шетелдік туристер де пайдалана алады. Билет құнына үш мезгіл тамақтану, қалаларды аралау және кәсіби гид қызметі кіреді.

Ташкент вокзалы
Фото: Әлихан Асқар / Kazinform

«Өзбекстан мен Қазақстан туристерге тарихы тереңде жатқан «Жібек жолы» бағыты арқылы қызық деп ойлаймын. Бұл әзірге пилоттық жоба. Алдағы уақытта сұраныс артып, пойыз әрі қарай Самарқан, Бұқара, Хиуаға баратын болса деген тілегіміз бар», - деді жолаушы Жұлдыз Рақмет.

Жібек жол пойызын қарсы алу
Фото: Әлихан Асқар / Kazinform

Пойыз құрамына Қазақстанда шығарылған, бұрын-соңды басқа бағыттарда қолданылмаған 5 жаңа вагон қосылды. Олардың сырты мемлекеттік нақышқа сай безендірілсе, ішкі бөлігі ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген.

Айта кетейік, пойыз билеті тур компаниялар арқылы сатылымға шығады. Жолаушылардың айтуынша оның құны шамамен 150 мың теңге.

Жібек жол пойызы
Фото: Әлихан Асқар / Kazinform
Жібек жолы пойызы
Фото: Әлихан Асқар / Kazinform