07:30, 08 Шілде 2025 | GMT +5
Қазақстан мен Өзбекстан арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды
АСТАНА. KAZINFORM — 3 шілдеде Өзбекстанның Centrum Air әуе компаниясы Нүкіс – Ақтау – Нүкіс бағыты бойынша жаңа тұрақты рейсті жүзеге асыра бастады, деп хабарлайды «Дунё» агенттігі.

Осылайша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік байланысы одан әрі кеңейіп отыр.
Жаңа рейстің ашылуына орай Ақтау халықаралық әуежайында салтанатты шара ұйымдастырылды. Іс-шараны Өзбекстанның Ақтаудағы Бас консулдығы мен Қазақстанның Маңғыстау облысы әкімдігі бірлесіп өткізді.
Аптасына екі рет орындалатын тұрақты рейстер Өзбекстанға туристер ағынын арттырып, өзара сапарлардың көбеюіне және сауда-экономикалық байланыстардың нығаюына ықпал етеді.
Айта кетейік, 600 мыңнан аса қазақстандық демалысын Өзбекстанда өткізді.