19:12, 20 Мамыр 2024 | GMT +5
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қатынас туралы шарт ратификацияланды
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.