Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4 млрд доллардан асты

доллар
Фото: freepik

Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша Өзбекстанның Қазақстанмен сыртқы сауда айналымы 4 млрд доллардан асты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Статистика агенттігінің мәліметінше, бүгінде Өзбекстан әлемнің 193 елімен сауда-саттық жасайды. 

Осы жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 57,3 млрд доллар болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,2%-ға көп. Оның ішінде экспорт 23,2 млрд доллар (өсім 30,6%), ал импорт 34,1 млрд долларды (өсім 23,3%) құрады.

Елдің басты сауда серіктестері көшін әлі де Қытай бастап тұр. Екі ел арасындағы тауар айналымы - 12, 2 млрд доллар (жалпы көлемнің 21,3%). 

Екінші орынға Ресей жайғасты. Өзбекстанның бұл мемлекетпен сауда-саттығы 8,8 млрд долларға (жалпы көлемнің 15,5 %) жетті. 

Сонымен қатар ең көп тауар айналымы болған елдер үштігін Қазақстан түйіндеп тұр. Яғни, біздің елмен Өзбекстан арасындағы сауда көлемі 4 млрд доллардан (жалпы көлемнің 7%) асты. 

Соңғы жаңалықтар