Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 600 млн долларға жақындады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Биылғы екі айдың қорытындысы бойынша да Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігінде қалды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.

Қозоғистон ва Ўзбекистон ўртасидаги товар айирбошлаш ҳажми 500 миллион доллардан ошди
Фото: Мухтар Холдорбеков / Kazinform

Өзбекстан Статистика агенттігінің мәліметінше, қаңтар-ақпан айларында елдегі сыртқы сауда айналымы 9,9 млрд долларға теңеліп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 10,5%-ға өсті.

Бүгінгі таңда Өзбекстан әлемнің 151 елімен сауда-саттық жасайды. Екі айдың қорытындысы бойынша, елдің басты сауда серіктері көшін Қытай бастап тұр. Екі мемелекет арасындағы тауар айналымы 2,1 млрд долларға (жалпы көлемнің 21,5%) жетті.

Одан кейінгі орында сауда-саттықтың 17,8% үлесі тиесілі Ресей тұр. Бұл елмен арадағы импорт-экспорт көлемі 1,76 млрд доллар болды.

Сонымен қатар, көшбасшылардың үштігін Қазақстан түіндеді. Біздің ел мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 581 млн долларға (жалпы көлеменің 5,9%) жетті.

Көрсетіліп отырған кезеңдерде Өзбекстан Қазақстанға 166,2 млн доллардың тауарын экспорттап, 415,3 млн доллардың тауарын импорттаған.

Еске салайық, Қазақстан былтыр да Өзбекстанның ең ірі сауда серіктестерінің үштігіне енген еді.

Соңғы жаңалықтар