Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сенім алдағы уақытта екі елдің мүддесіне қызмет ететін болады - Б. Жексембин

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанның Қазақстандағы Елшілігінде 28 тамызда ҚР Конституциясы күніне арналған брифинг өтті.
None
None

Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин шетелдік БАҚ, сондай-ақ елдің ғылыми-сараптамалық ортасы өкілдерінің алдында елдің сыртқы саяси, экономикалық және ішкі саяси жетістіктерінде Қазақстан Республикасы Конституциясының алар орны сөз сөйледі.

Онда Қазақстанның «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізуіне дайындыққа ерекше көңіл бөлінді. Брифингке қатысушылар 2017-2018 жылдар кезеңінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне елдің кандидатурасын жылжыту бойынша Қазақстанның жүргізген жұмысы туралы хабардар етілді. Дипломатиялық өкілдік басшысы ядролық қаруды таратпау жөніндегі еліміздің «АТОМ» жобасына баса назар аударды.

Өз сөзін түйіндей келе, Елші қазіргі кезеңдегі қазақстандық-өзбекстандық қатынастарды жан-жақты дамыту мәселесіне кеңінен тоқталып өтті.

Соңғы жаңалықтар