Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізіп жатыр

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Қазақстан мен Өзбекстанның әскери қызметшілері бірлесіп, «Фориш» таулы полигонында «Hanjar-2024» тактикалық арнайы оқу-жаттығуын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

әскер
Фото: Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі
Өзбекстан әскері
Фото: Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі

Өзбекстанның Қорғаныс министрлігінен мәлім еткендей, оқу-жаттығу барысында екі елдің әскери қызметшілері түрлі қарудан оқ атып, халық тұратын аумақтарда ұрыс жүргізу тактикасын пысықтайды.

Сондай-ақ, аталған оқу-жаттығу аясында қатысушыларға түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, футболдан жарыс өткізу және ежелгі Самарқан қаласына экскурсия жасау жоспарланған.

Өзбекстан әскері
Фото: Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі

Еске салсақ, таяуда Мәжіліс заңнамаға әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бағытында өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.

әскер
Фото: Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі

 

Соңғы жаңалықтар