Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев AlmatyFairai көрмесіне барды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Жасанды интеллектінің дамуына арналған көрмеде мемлекеттер басшылары GovTech, Fintech, BigTech, Smart City бағыттарындағы озық шешімдермен танысты. 

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды
Фото: Ақорда

Сонымен қатар IT-компаниялардың жетістіктері, инновациялық және білім беру жобалары қойылған арнаулы аймақты аралап көрді.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды
Фото: Ақорда

Өзбекстан Президентіне Аlemai халықаралық жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл орталық мыңдаған маманның жасанды интеллект саласы бойынша білім алуына және стартаптарды іске қосуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевке Ұлттық жасанды интеллект платформасы таныстырылды. Оның көмегімен мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыруға болады.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды
Фото: Ақорда

Сонымен қатар президенттерге ұлттық экономикадағы ЖИ әлеуетін арттыруды және технологиялық кәсіпкерлікті қолдауды көздейтін AI-Sana білім беру бағдарламасы туралы мәлімет берілді.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды
Фото: Ақорда
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды
Фото: Ақорда

Президенттерге Орталық Азиядағы ірі технопарктер альянсы – Central Asian Innovation Hubs қызметі жөнінде мәлімет берілді. Былтыр Қазақстан мен Өзбекстанның ірі технопарктерінің лигасы стартаптар экожүйесін дамыту және әлемдік нарықта инновацияны ілгерілету мақсатында осы бренд аясына бірікті. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум