Тоқаев пен Мирзиёев MERGANTEKS мақта-мата кластерінің жұмысымен танысты

БҰХАРА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев MERGANTEKS мақта-мата кластерінің қызметімен танысты. Мұнда шикізатты өңдеуден бастап, одан дайын текстиль өнімдерін шығаруға дейінгі толық өндіріс циклі жолға қойылған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері MERGANTEKS кәсіпорнына барды
Фото: Ақорда

Президенттерге кәсіпорын өндіріс тиімділігі мен халықаралық сапа стандартын қамтамасыз ететін заманауи жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталғаны жөнінде баяндалды.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері MERGANTEKS кәсіпорнына барды
Фото: Ақорда

Кластердің өндірістік құрылымына мақта зауыты, екі жіп иіру фабрикасы, тоқыма және бояу цехтары, тігін фабрикасы кіреді.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері MERGANTEKS кәсіпорнына барды
Фото: Ақорда

Өнім Польша, Түркия, Израиль, Босния және Герцеговина, Иран, сондай-ақ басқа да мемлекеттерге жеткізіледі. 

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері MERGANTEKS кәсіпорнына барды
Фото: Ақорда

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар