Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы мәселесін шешумен айналысатын жедел штаб құрмақ

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Қазақстан мен Өзбекстан Көлік министрліктерінің өкілдері және екі елдің кеден органдары мамандарының қатысуымен онлайн форматта кездесу өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Логистика
Фото: Midjourney

«Кездесу барысында екі ел арасындағы тауар тасымалы кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Тиісінше, тараптар жүк тасымалын арттыруға қолбайлау болып отыған мәселелерді тез арада шешумен айналысатын жедел штаб құруға уағдаласты. Оның құрамына жауапты ведомстволардың өкілдері енеді», - деп мәлім етті Өзбекстан Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, таяуда қазақ-өзбек шекарасында кеден терминалы ашылмақ. 6 гектарды аумақты қамтып жатқан нысан заманауи тексеру, рәсімдеу құрылғыларымен жабдықталған.

Сонымен қатар, кеше Өзбекстан Ауғанстанның уақытша үкіметімен жүк тасымалдаушылардан алынатын төлем сомасын төмендетуді көздейтін келісім жасады.

Соңғы жаңалықтар