18:58, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақстан мен Польша арасында білім жөнінде телекөпір болды
АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Польша арасында «Мектеп-ЖОО: ынтымақтастықты дамытудың келешегі» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-практикалық телекөпір болды, «тікелей қосылу» (on line) режімінде өткен оған, Қазақстанның Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Тараз және Польшадан Краков қалалары бір мезетте қосылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақ, польша, ағылшын және орыс тілдерінде өткен білім жөніндегі телекөпірді Краков қаласындағы Станислав Стащица атындағы тау-кен металлургия академиясы (ТКА) мен Алматы экономика және статистика академиясы (АЭСА) ұйымдастырды.Сондай-ақ, телекөпірде Польшадағы Қазақстан елшілігінің, Алматы білім департаментінің, Алматыдағы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының, Экономика және статистика академиясяының Тараздағы, Қарағандыдағы, Ақтөбедегі филиалдарының өкілдері мен Алматыдағы 40 мектептің басшылары да қатысып, белсенділік танытты. Шара барысында Қазақстан мен Польшаның ынтымақтастығы мәселелері бойынша келелі әңгімелер айтылды, мультимедиалық ұсынымдар көрсетілді. «Еуропаға жол» ҚР Мемлекеттік бағдарламасын дамыту ауқымында Қазақстан мен Польшаның білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы» тақырыбына арналған баяндама жасалды.Телекөпірге қатысушы тараптар мұндай шараның пайдалы да өте тиімді екендіктерін атап өтсе, Қазақстанның білім беру орындары ҚР Варшавадағы елшілігінің қолдауы арқасында польшалық оқу орындарымен байланысты кеңіте түсуді, оның ішінде қашықтан оқыту бойынша инновациялық технологиялар мен қазіргі заманғы әдістемелер форматын кеңейте түсуді көздейді, сондай-ақ, қазақстандық студенттер мен оқытушылардың халықаралық білім беру жобалары мен Польшаның және Еуроодақтың басқа да елдеріндегі гранттарға қатысу мүмкіндіктері туралы уағдаластықтарды пысықтады.