Қазақстан мен Польшаның арасындағы тауар айналымы тұрақты өсіп келеді

көрсеткіш 10 есеге жоғарылап отыр, деп хабарлайды Қазақстанның Польша Республикасындағы Елшілігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымының көлемі 11 миллиард АҚШ долларын құрады. Яғни, 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (786,3 миллион доллар), көрсеткіш 40 пайызға артқан. Оның ішінде, қазақстандық экспорт 725,7 миллион долларды құраса (68 пайызға өсім), Польшадан импорт 366,3 миллион долларды (4 пайызға өсім) құрады.
Осылайша, Қазақстан мен Польша жаһандық экономикалық дағдарыс тұсында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынын түсіріп алған жоқ, керісінше қиыншылықты еңсеріп, өзара сауда-саттықта миллиардтық межеге жетіп, жаңа биіктерге шығып отыр, деп хабарлайды Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметінен.