Қазақстан мен Ресей арасында 2011 жылғы маусымның 1-нен бастап кедендік бекет болмайды

АЛМАТЫ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеден одағы құрылғаннан кейін 2011 жылғы маусымның 1-нен бастап Қазақстан мен Ресей арасында кедендік бекет болмайды.
None
None

Бұл жайлы бүгін Алматыдағы  Кеден одағын құру үдерісін талқылауға арналған  дөңгелек үстел жиынында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Қазір Кеден одағының Кеден кодексі жобасы жасалып жатыр. Кедендік амалдарды жеңілдету мен үйлестіру туралы   Киото конвенциясы бойынша әзірленетін бұл кодекс Кеден одағында заңдарды сәйкестендіру арқылы  бизнес жүргізу тәртібінің жеңілдеуіне жол ашады. Ол Қазақстан, Ресей, Беларус мемлекеттері басшыларының 2006 жылы мақұлдаған Кеден одағын қалыптастыру жоспары бойынша жүзеге асады», дейді Индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова. Оның сөзіне қарағанда, бірыңғай кеден аумағын қалыптастыру кезінде 2010 жылы маусымның 1-нен бастап Ресей мен Беларус арасындағы шекаралық бекеттер алынады. Ал Қазақстан мен Ресей шекарасындағы  шекаралық бекеттер 2011 жылы маусымның 1-нен бастап алынатын болады.

Соңғы жаңалықтар