09:24, 16 Шілде 2015 | GMT +5
Қазақстан мен Ресей арасында Байқоңырдың білім беру ұйымдарын беру туралы келісім ратификацияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Байқоңыр
қаласының білім беру ұйымдарын беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңына қол қойды. Заң мәтіні ресми БАҚ-та жарияланды.
***
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын беру туралы келісімді ратификациялау туралы
2014 жылғы 23 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын беру туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 15 шілде. №329-V ҚРЗ