Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қатынастар қаржы дағдарысына қарамастан жақсы қарқынмен дамуда - ҚР және РФ Президенттерінің кездесуі

МӘСКЕУ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Бүгін Мәскеуде Кремльдің Үлкен сарайында Қазақстан мен Ресей Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевтің екіжақты кездесуі болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.ҚР басшысы «өткен жылы біздің елдеріміздің арасында жақсы экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізілді: тауар айналымы 20 млрд. долларды құрады», деп атап өтті. Білім беру, ғылым, мәдениет салаларында ынтымақтастық дамып келеді. 20 мыңға тарта жас қазақстандық ресейлік жоғары оқу орындарында білім алуда. Мәдени алмасу жалғасуда. Астанада жақында ЕурАзЭҚ ғылыми қызметкерлерінің, банкирлердің форумдары өтті. Кездесу барысында әлемдік дағдарысты еңсеру тақырыбы қозғалды. Н.Назарбаевтың айтуынша, дағдарыстан кейінгі кезеңді де ойлау, инфрақұрылымдар, білім, денсаулық сақтау салаларын қамшылау және экономиканы әртараптандыру қажет. ҚР Президенті бұл үдерісте ықпалдастықтың маңызы зор екенін атап көрсетті.Н.Назарбаев елдер «Қазақстан, Ресей және Беларус қалыптастырған кедендік одақ іске қосылуы үшін» қолдан келгеннің бәрін істеуде. «Бұл барлығымыз үшін ықпалдастықтың жақсы үлгісі», - деп атап өтті Елбасы.Мемлекет басшысы біздің елдеріміздің арасындағы барлық уағдаластықтар іске асырылып жатқанына қанағатанғандығын білдірді. Өз кезегінде Ресей Президенті «екіжақты қатынастар қаржы дағдарысына қарамастан жақсы қарқымен дамып келеді, оны еңсерумен байланысты міндеттер орындалуда», деп атап көрсетті.Д.Медведев ықпалдастық үдерістеріне және осы маңызды шараларға қатысқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.Бұдан кейін кездесу жабық есік жағдайында өтті.ҚазАқпарат -0-С.А.
Соңғы жаңалықтар