Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы рекордтық межеге жетті ? М.Бочарников

АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы Ұлттық баспасөз клубында Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников журналистермен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ресейдегі Дипломатиялық қызметкерлер күніне арналған баспасөз мәслихаты аясында елші Журналистер үйінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысымен танысып, бүгінгі қаржы дағдарысы жағдайында екі елдің дипломатиялық және сауда-экономикалық байланыстарының даму болашағы жайында айтып берді. «Қазіргі кезде Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы рекордтық межеге жетіп, бүгінде 20 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Әрине, әлемді шарпыған қаржы дағдарысы мемлекетаралық қарым-қатынастарға өз әсерін тигізуде. Оған қарамастан, 2009 жылдың басты міндеті - екі елдің бірлескен іс-шараларды атқаруын күшейту болмақ», - деді М.Бочарников. Сондай-ақ елші Қазақстанның дағдарысқа қарсы қолға алған жұмыстарына жоғары баға берді.
Соңғы жаңалықтар