Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының Х форумы өзінің тиімділігі мен сұранысқа ие екендігін дәлелдеді - Ресейдегі елші Ғ. Оразбақов

МӘСКЕУ. 15 қараша.ҚазАқпарат - Кеше, бейсенбі күні Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ғалым Оразбақов Мәскеуде Ресей мен шетелдік БАҚ өкілдерімен өткізілген баспасөз мәслихатында
None
None

10-11 қараша күндері Екатеринбургте болған Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың Х форумының қорытындысы жайлы жан-жақты айтып берді.

Елшінің сөзіне қарағанда, Х аймақаралық форум тағы бір рет екіжақты қарым-қатынасты дамытудың тиімділігі мен сұранысқа ие екендігін дәлелдеді. Оның арқасында стратегиялық ынтымақтастықтың тағы бір кезеңі бекіді. Бұған екі елдің басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин де ерекше маңыз беріп отыр.

Оның айтуынша, Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ аясында осы күнгі жасалып отырған жағдайлар экспорттық өндірісті дамытуға мүмкіндіктер тудырып отыр.

Интеграциялық әлеуетті дамыту туралы әңгімелеген елші ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық өнім өндірісін кеңейтуге қатысты айтқандарының маңыздылығына тоқталды: "Нәтижесінде, үш елдің аумағында бірлесіп өндірілген өнімдер әлемдік нарыққа шығарылуы тиіс".

Форумда екі елдің өнеркәсіп кооперациясына арналған көрменің басты алаңдардың біріне айналуы тегін емес. Онда негізінен Қазақстанның 10 аймағы өз мүмкіндіктерін таныстырды. Отандық мамандардың назарын "Орыс бал компаниясы" мен "Еурохим" кәсіпорнының таныстырылымдары қызықтырды. Көрмеге Қазақстаннан - 45, Ресейден 80 компания қатысты.

Ғ.Оразбақов жалпы форум барысында 20-ға жуық келісім мен меморандумдарға қол қойылғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар