Қазақстан мен Ресей Челябинскідегі форумда бірқатар құжаттарға қол қойды

None
None
ЧЕЛЯБИНСК. ҚазАқпарат - Форумның қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей бірқатар құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай бірлескен мәлімдемесі; 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға қосымша хаттама; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының жұмыс істеуі туралы келісім; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Туймазы - Омбы - Новосибирск-2» және «Омбы - Павлодар» магистральдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімге қол қойылды.
Сондай-ақ, тараптар 2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында «Байқоңыр» ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама; 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қойды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2018-2023 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының бағдарламасы қабылданды.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысы әкімдігі мен «Русская медная компания» акционерлік қоғамы арасындағы облыста инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум және «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы мен «Российский экспортный центр» акционерлік қоғамы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы мен «Транснефть» жария акционерлік қоғамы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

null null null 

Соңғы жаңалықтар
telegram