Қазақстан мен Ресей ДСҰ-ға келісілген ұстаным бойынша кіретін болады - К.Мәсімов

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстан мен Ресей ДСҰ-ға келісілген ұстаным бойынша кіретін болады. ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Санкт-Петерборда өткен Кеден одағы жоғарғы органының мәжілісінде осындай мәлімдеме жасады.
None
None

«Өткен жылы маусымның 9-ында біз, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі өз ұстанымдарымызды келісе жасайтынымызды мәлім еткен болатынбыз және ағымдағы жылы біз осы бағытта жұмыс істедік. Және Дүниежүзілік сауда ұйымына біз келісілген ұстанымның негізінде кіретін боламыз. Анау айтқандай ештеңе өзгере қоймайды», - деді К.Мәсімов өз сөзінде.

В.Путин өз кезегінде, егер Беларус Кеден Одағын құру жөніндегі алдағы қадамдарға қосылмайтын болса, Ресей мен Қазақстанға ДСҰ-ға қосылу жөніндегі келіссөздерді жүргізу жеңілірек болатынын, себебі екі елдің арасында келісілмеген мәселелердің аздау екенін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар