Қазақстан мен Ресей екі жақты негізде Кедендік кодексті қолданысқа енгізу туралы келісті

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қазақстан мен Ресей екі жақты негізде Кедендік кодексті қолданысқа енгізу туралы келісімге келді. Бұл туралы РФ Үкімет басшысы Владимир Путин Кедендік одақтың жоғарығы кеңесі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
None
None

«Біз қазақстандық тараппен Кедендік одақтың екі жақты негіздегі Кедендік кодекісін шілденің 1-нен бастап қолданысқа енгізу туралы келістік», - деп мәлім етті В.Путин.

Беларус Премьер-министрі Сергей Сидорский жұма, мамырдың 28-і күні Кедендік одақтың жоғары органының отырысына қатысу үшін Сенкт-Петерборға келмеді. Алайда Қазақстан мен Ресей үкімет басшылары ағымдағы жылғы шілденің 1-нен бастап Кедендік одақтың екінші сатысын енгізу дайындығын талқылады және де Біріңғай кедендік аумақ құруға дайын екендерін қуаттады.

«Сонымен қатар біз кедендік шығару баж салығына, соның ішінде мұнай және мұнай өнімдері шикізатының салығына қатысты Беларустың келіспеушілігін, беларустық әріптестеріміздің бұрын келісілген Кедендік кодекске, Кедендік одақтың екінші сатысын қолданысқа енгізуге дайын еместігін назарға аламыз», - деп атап өтті В.Путин.

Бұл ретте екі елдің үкімет басшылары Беларус жақын арада қол жеткізілген келісімге қосылады деген үміттерін білдірді.

«Мы открыты для присоединения Беларуси ко всем соглашениям и решениям, принятым в рамках второго этапа формирования Таможенного союза», - заверил В.Путин.

«Біз Беларустың Кедендік одақтың екінші сатысын ұйымдастыру аясында қабылданған барлық келісімдер мен шешімдерге қосылуына ашықпыз», - деді В.Путин.

Соңғы жаңалықтар