Қазақстан мен Ресей елшіліктері Ржевте қаза тапқан 100-ші және 101-ші атқыштар бригадасы жауынгерлерінің тізімін құруда

АСТАНА. Маусымның 25-і ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу жылында Қазақстанның Ресейдегі елшілігі «Қаһармандар рухына» жобасын жүзеге асыруда.
None
None

Жоба аясында Ржев үшін болған шайқастарда қаза тапқан 100-ші және 101-ші атқыштар бригадасының қаһарман жауынгерлерінің есімдері мәңгі есте сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Ржевте бірлескен бірегей мемориалдық сәулеттік кешен жасалмақ, деп хабарлайды дипломатиялық өкілдіктің баспасөз қыметі.

Қазіргі күні қазақстандық дипломаттар Подольскідегі Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің мұрағаттарында Алматы мен Ақтөбеде жасақталған 100-ші және 101-ші атқыштар бригадасының қаза тапқан жауынгерлерінің тізімін жасау үшін белсенді жұмыс атқаруда. Осы уақыттың өзінде 2 730 адамның аты-жөні анықталды. Олардың барлығы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің www.kazembassy.ru сайтында жарияланған.

Соңғы жаңалықтар