Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы ТМД-ға үлгі - Н.Назарбаев

МӘСКЕУ.  9 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы ТМД-ға үлгі. Бүгін Мәскеудегі Үлкен Кремль сарайында РФ Президенті  Владимир Путинмен кездескен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
None
None

«Сізді тағы да бір мәрте мерейтойыңызбен құттықтағым келеді. Сіздің Ресей үшін жасағыңыз, жүзеге асырғыңыз  келетін барлық ойлағандарыңызды жүзеге асыру үшін зор денсаулық тілеймін», - деп атап өтті Елбасы.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар мен достық, ынтымақтастық және одақтастық туралы базалық шарттың 20 жылдығы екендігін айта келе: «Қазір біз қарым-қатынастарымыздың ТМД аумағында үлгілі екендігін талқылап, түсіндірдік. Энергетика, ғарыш, екі елдің өзара қарым-қатынасы мәселелері, Бірыңғай экономикалық кеңістік - мұның барлығы біздің шешіп жатқан, бірлескен істеріміздің қысқа ғана тізбесі», деді.

ҚР Президентінің атап өтуінше, бүгінде Ресейде үш мыңнан астам кәсіпорын қазақстандық капиталдың, ал Қазақстанда 1700 кәсіпорын ресейлік капиталдың қатысуымен жұмыс істеуде.

«Сондықтан да қазір ғана біз талқылаған барлық мәселелер осы үлкен келісімді жаңартады, бүгінгі күннің талабына сәйкес және Ресей, Қазақстан және Беларусь арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуына одан әрі қозғау салады деп ойлаймын», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар