Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері жыл қорытындысын шығарды

Кездесу барысында Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастық және екі ел қорғаныс-өнеркәсіп кешендері арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.
Екі ел қорғаныс ведомстволарының басшылары 2013 жылғы бірлескен жұмыстарды қорытындылай келе Қазақстан мен Ресей арасында қорғаныс және қауіпсіздік саласында толық өзара түсіністікке қол жеткізілгенін атап өтті.
Екі ел арасындағы қару-жарақ саласындағы тауар айналымы алғаш рет ең жоғары деңгейге, яғни, 140 млн. АҚШ долларына жетіп отыр.
Ағымдағы жылғы қызметтің нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын, екі ел әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің біріккен аймақтық жүйесін одан әрі дамыту туралы шешімнің қабылдануын, сондай-ақ Қазақстанның сынақ полигондарын Ресей жағына жалға беру, Ресей шығарған әскери техникаларды сатып алуды атап өтуге болады.
Қорғаныс министрлерінің мәлімдеуінше, кездесуде келісімдерді іске асыру Қазақстан мен Ресейдің ұлттық қарулы күштерін нығайтуға қызмет етеді.