Песков Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге мемлекеттік сапарына дайындық барысын баяндады

МӘСКЕУ. KAZINFORM — Мәскеу Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапарына дайындық жұмыстарын аяқтап жатыр, деп хабарлайды ТАСС.

Пресс-секретарь президента РФ
Фото: Михаил Джапаридзе/ ТАСС

— Қазақстан — Ресейдің ерекше серіктесі, біз үшін өте маңызды ел және мемлекет. Әрине, біз ертең басталатын Президент Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапарына дайындықты белсенді түрде аяқтап жатырмыз, — деді Песков.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары 11-12 қарашада өтеді.

Келіссөздер барысында Тоқаев пен Путин саяси, сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық салалардағы Ресей-Қазақстан стратегиялық серіктестігі мен одақтастықты одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелерді, сондай-ақ аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі тақырыптарды талқылайды.

Сапар барысында қол қоюға арналған маңызды екіжақты құжаттар дайындалды.

Бұдан бұрын Өңірлік мәселелер институтының жетекшісі Дмитрий Журавлев Қазақстан мен Ресей шығыс пен батысты байланыстыратынын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар