Қазақстан мен Ресей Мәскеуде өтетін «Атомэкспо-2015» халықаралық форумында уран бойынша бірлескен кәсіпорнын таныстырады

Бұл шара барысында Қазақстан мен Ресей елдерінің «Уранды байыту орталығы» бірлескен кәсіпорны ұсынылатыны күтіліп отыр.
Дәстүр бойынша, форумда заманауи атом энергетикасының барлық аспектілері мен оны әрі қарай дамытудың бағыттары талқыланады, деп хабарлайды РИА Новости.
Форумның мақсаты - Ресейдің Латын Америкасы, Азия-Тынық мұхиты аймағы, Африка, Орталық және Шығыс Еуропамен атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастығын дамыту, ресейлік тараптың ұлттық энергетикалық бағдарламаларды дамыту бойынша ұсыныстарын ортаға салу.
«Атом энергетикасы - әлеуметтік-экономикалық дамудың импульсі» тақырыбында өтетін пленарлық отырыс бұл форумның басты оқиғасы болмақ. Онда түрлі мемлекеттердің өкілдері атом энергетикасының басымдықтарын, оның елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін және одан бас тарту жағдайында орын алуы мүмкін проблемаларды талқылайды.