Қазақстан мен Ресей Президенттері Ашғабадта кездесу өткізді

АШҒАБАД. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Владисмир Путин жұмыс сапарымен Түрікменстанда болып, Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.
None
None

Отырысқа Армения Президенті Серж Саргсян, Беларус Президенті Александр Лукашенко, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Ислам Каримов, Украина Президенті Виктор Янукович, сондай-ақ Әзірбайжан Премьер-Министрі Артур Раси-Заде, Молдова Премьер-Министрі Владимир Филат және Қырғызстан СІМ басшысы Эрлан Абдылаев қатысты. Саммитке қатысушыларды Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов қарсылады.

Саммит қорытындысымен қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөнінде құжаттар топтамасына қол қойылды. Олардың арасында лаңкестікке қарсы бөлімшелер мамандарын даярлаудағы ынтымақтастық туралы келісім және ТМД қатысушы-мемлекеттерінің қаржы барлау бөлімшелері басшылары кеңесін құру туралы келісім бар. Бұл орган қылмыстық кірістерді жылыстату мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы тұру жөніндегі бірлескен жұмысты үйлестіріп отыратын болады.  

Сондай-ақ, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінде 2013 жылды Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылы ретінде жариялау туралы, 2015 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық туралы шешімдер қабылданды.

Аталмыш отырыс 2012 жылғы Түрікменстанның Достастықтағы төрағалығын қорытындылаған іс-шара болды. ТМД мемлекеттері басшыларының кезекті кездесуі 2013 жылы төрағалық ететін Беларуста өтеді.

Сонымен қатар Владимир Путиннің Виктор Януковичпен, Нұрсұлтан Назарбаевпен және Серж Саргсянмен кездесулері болып өтті.

Соңғы жаңалықтар