Қазақстан мен Ресей Президенттері посткеңестік кеңістіктегі ықпалдастық мәселелерін бейресми жағдайда талқыламақ

ҚР Президентімен таяуда ғана Павлодарда кездескендігін атап өткен РФ Президенті : «Сіз біздің шақыртуымызды қабыл алып, екіжақты саяси, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту бойынша біздің пікірсайысымызды жалғастыру үшін, одан әрі ықпалдастуға, тек қана біздердің елдеріміздің арасындағы ғана емес, жалпы посткеңестік кеңістіктегі ықпалдастықты тереңдетуге қатысты мәселелерді талқылауға келдіңіз. Бізде бүгін біздердің мерейтойлық оқиғамызды және бүгін кешке бейресми жағдайда осы барлық проблемаларды кеңінен сөйлесуге тамаша мүмкіндік болады», деді.
Сонымен қатар В.Путин Қазақстан да, Ресей де мұнайгаз өндіруші мемлекет болғанымен екі елдің сауда-саттық құрылымында дәстүрлі тауарлардың көлемі артып келе жатқандығына риза екендігін атап өтті. Мәселен, өткен жылы екі елдің сауда-саттығы рекордтық көрсеткішке жеткен. «Жиырма миллиардтан астам, бұл ықпалдастықпен байланыстылардың барлығы да өте тиімді жұмыс ісейтіндігін көрсететін жақсы көрсеткіш», деді Ресей Президенті.
Осы орайда ҚР Президенті Н.Назарбаев әсіресе Кеден одағы құрылғаннан кейін екі елдің сауда айналымы жылына 30 пайыздан өсіп отырғандығын баса айтты. «Кәсіпорындар құрылуда және кооперация жақсы өсуде, оның ішінде әскери-техникалық та0ырып та бар. Қазір біз Павлодарда ғылыми-техникалық, инновациялық ынтымақтастық туралы мәселелерді талқыладық. Бұл өте зор заманауи кооперация», - деді ҚР Президенті.