Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері екі ел арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады
Тараптар өңірлік өзара дамудың ағымдағы жай-күйін және келешегін, Қазақстан мен Ресейдің саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын талқылады.
«Сіздің сапарыңыз біздің көшбасшыларымыздың жүйелі байланыстары негізін құрайтын, екі ел арасында орнаған дәстүрлі үздік қарым-қатынастың тағы да бір көрінісі деп санаймын. Санкт-Петерборда жақында өткен кездесу Қазақстан мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастағының барынша нығая түсуіне жол ашты. Жалпы, біздің байланыстарымыз бен өзара іс-қимылдарыңыз барлық деңгейде қарқынды дамып келеді», - деп атап өтті Е. Ыдырысов.
Екі елдің өңірлік интеграциялық аясындағы бірлестіктерде және халықаралық ұйымдарда, соның ішінде 2017-2018 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы Кауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның мүшелігіне ерекше көңіл бөлінді.
«Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтаймыз және алдағы екі жылда бұл алаңда да тығыз әрекеттестік орнатуға дайынбыз», - деп С. Лавров өз сөзін түйіндеді.
Жалпы, кездесу дәстүрлі түрде салиқалы және іскерлік мазмұнда өтіп, Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының қалыптасқан стратегиялық және одақтастық сипатын тағы да растады.
Айта кетерлігі, бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың төрағалығымен Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті. Оған «Каспий бестігінің» сыртқы істер ведомстволарының басшылары Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров, Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Түркіменстан Республикасының Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қатысқан болатын.
Онда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасы, Каспийдегі ынтымақтастықтың жеке бағыттары бойынша жұмыстың барысы, сондай-ақ өтуі Қазақстан Республикасында жоспарланған Бесінші Каспий саммитінің дайындығына байланысты мәселелер талқыланды.