Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің басшылары Кеден одағы ауқымындағы қайшылықтар мен барлық ұстанымдарды дерлік келісті
К.Мәсімов Кеден одағы жоғарғы органының өткен отырысында Қазақстан, Ресей және Беларус Кеден одағын қалыптастыру ауқымындағы барлық ұстанымдарды келісуге қол жеткізе алмағанын еске салды. Осыған байланысты үкімет басшылары Кеден одағының комиссиясына және бірқатар сарапшыларға бұл жұмысты жалғастыруға тапсырма берген болатын.
«Өткен аптада жақсы жұмыс жүргізілді және орын алған барлық дерлік мәселелер мен қайшылықтар шешілді», - деді К.Мәсімов.
Қазақстан үшін нақты айтқанд,а автомобильдерді әкелумен байланысты мәселе өткір болды. «Мен РФ тарапынан түсіністік үшін алғыс айтамын. Бұл құжаттардарды біз өтпелі кезең деп қарадық, оның ішінде бұл мәселе бір тәсілмен шешілетін болады. Қазақстан үшін бұл маңызды нәрсе», - деп атап өтті ҚР Премьері.
К.Мәсімов баспасөз мәслихатында автомобильдерді тасып әкелуге өтпелі кезең Бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптасқанға дейін созылады деп түсіндірді.
Қазақстан Үкіметінің басшысы бүгінгі қол жеткізілген шарттармен Беларус та осы келісімдерге қосылады деген сенімін білдірді. Өз кезегінде Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Владимир Путин беларус тарапы Кеден одағы ауқымында ұстанымдарды келісу жөніндегі жұмысты жалғастыруға әзір екендігін қуаттағанын атап өтті.
Сонымен қатар К.Мәсімов «келісімдерге екіжақты форматта қол қойылғандықтан, бұл кезеңде барлық шешімдер ымыралық шарттармен қабылданады» деп атап көрсетті. «Мен бұл өте маңызды шешім деп ойлаймын, өйткені ол екі елдің, екі экономиканың игілігіне сай келеді», деді ҚР Премьері.
Қазақстандық Үкіметтің басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол жеткізілген келісімдерді толығымен қолдап отыр, деп атап өтті.