Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының негізі салалары - сауда-саттық, ғарыш, атом, энергетика
деп хабарлады ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.
Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту, оның ішінде - ғарыш, электр-энергетикалық салалардағы, сондай-ақ атом өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Ресейдің Кедендік одақтың және құрылып жатқан Бірыңғай экономикалық кеңістіктің аясындағы өзара іс-қимылдарының өзекті мәселелері де сөз болды.
«Алға қойылған міндеттерді шешуде үлкен ілгерілеушіліктер бар. Менің ойымша, белгіленген мерзімде, өзара келіскендей маусымның 1-іне дейін, барлық міндеттер шешілуі керек», деді К.Мәсімов өз сөзінде.
В.Путин өз кезегінде, «ықпалдастық үдерістерінде Қазақстанның посткеңестік кеңістіктегі сөзсіз көшбасшы екенін және елдің көп жұмыстар атқарып отырғанын, ең алдымен Кедендік одақты құрудағы үлесі зор екенін» атап көрсетті.
Кездесу соңында К.Мәсімов пен В.Путин Қазақстан мен Ресейдің арасындағы ынтымақтастықтың табысты дамитынына сенім білдірді.