Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының тарихи кезеңдері: достық пен жасампаздықтың жылдары

None
None
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы Ресейдің Қазақстандағы Елшілігінің Ресей ғылым және мәдениет орталығында «Қазақстан мен ТМД Тәуелсіздігінің 20 жылы: Ресеймен бірлескен достық пен жасампаздықтың жылдары» атты «дөңгелек үстел» болып өтті.

Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық ынтымақтастығы туралы ақпаратпен Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников, РФ Қазақстандағы Сауда өкілдігінің жетекшісі Александр Яковлев, жазушы, ҚР Президенті Телерадиокешенінің бас редакторы Смағұл Рахымбек, саясаттанушылар Ғалым Жұмжаев, Николай Акуев, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Жанна Шаймұханбетова, ҚР СІМ-нің ТМД істері бойынша Департаментінің кеңесшісі Ержан Мұсралиев, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.

«Дөңгелек үстелдің» қатысушыларына ҚР Президентінің Телерадиокешені түсірген «Кедендік одақ - Біртұтас экономикалық кеңістікке ықпалдастық» атты деректі фильм көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар