Қазақстан мен Ресейдің 15 компаниясы «Бәйтерек» сыйлығына ие болды

АЛМАТЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Қазақстандық «Билайн» ұялы байланыс операторы «Бәйтерек 2009»сыйлығына ие болды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат «Вымпелком» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

         Аталған сыйлық Қазақстанның экономикасын дамытуға белсенді үлес қосқаны үшін беріледі. Оны Қазақстан мен Ресейдің халықаралық мәдени-іскерлік орталығы  тағайындаған болатын. Биыл тұңғыш рет берілген сыйлыққа Қазақстан мен  Ресейдің ең ірі 15 компаниясы ие болған. Аталған сыйлық жүлдегерлерге Астананың 11 жылдығы қарсаңында Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде берілген.

         «Біз  Қазақстан мен Ресейдің халықаралық мәдени-іскерлік орталығына осындай сыйлық тағайындағаны үшін үлкен алғыс білдіреміз. Қазақстан «Билайн» байланысы Ресейден кейін пайда болған екінші мемлекет. Біз Қазақстанның экономикасының дамуына белсенді үлес қосуды жалғастыра береміз» деді «Вымпелком» ААҚ вице-президенті Дмитрий Плесконос.

Соңғы жаңалықтар