Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық байланыстары VII форумы шеңберінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жоғарғы технологияларды дамыту мәселелері бойынша халықаралық конференция мен бизнес-форум өткізілмек

ӨСКЕМЕН. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық байланыстары «Тұрақты даму және жоғары технологиялар» VII форумы шеңберінде қыркүйектің 6-сы мен 8-і аралығында Өскемен қаласында екі ел Президенттерінің қатысуымен «ТКШ энергоресурсүнемдеу технологиялары мен жаңашылдықтарды енгізу. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің даму алғышарттары» тақырыбында Халықаралық конференция өткізіледі деп жоспарлануда.
None
None

МЖӘ баспасөз қызметінен хабарлағандай, халықаралық конференцияны ұйымдастырушылар ҚР ТКШ және құрылыс істері бойынша агенттігі, «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің қазақстандық орталығы» АҚ мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.

Форумда «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің қазақстандық орталығы» АҚ тарапынан аталмыш акционерлік қоғамның басқарма төрағасының орынбасары Темірлан Нұрғисаев болып, «ҚР МЖӘ дамуы» тақырыбында баяндама жасайды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық байланыстары «Тұрақты даму және жоғары технологиялар» VII форумы аясында екі елдің іскер топтарының бизнес-форумы мен Қазақстан мен Ресейдің тауар өндірушілерінің «ТКШ инновациялық технологиялары» және «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындары» көрмесі өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар