Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынастары посткеңестік кеңістігіндегі өзара әрекеттесудің үлгісі болып табылады

«Сіз посткеңестік кеңістікте интеграциялық үдерістерді тереңдету жөнінде бастама көтергендердің бірі болып табыласыз. Сіз Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың, Кеден одағының және болашақтағы Еуразиялық одақтың авторларының бірісіз ден сенемін. Іс жүзінде авторлық Сізге тиесілі», - деді ҚР Президентіне қарата айтқан В. Путин.
РФ басшысы Кеден одағын құру жөніндегі Қазақстан Президентінің «жолдауын» алып келген ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімовпен атқарылған жұмыс есінде екендігін айтып өтті. «Бұл нақты идеялар іс жүзіне асқандығына қуаныштымын. Бізде әрі қарай жылжу үшін жақсы серпін бар», - деді В. Путин.
ҚР Президенті Н. Назарбаев атап көрсеткендей, Қазақстан мен Ресей стратегиялық одақтас әрі әріптес болып табылады. «Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынастары бұл - посткеңестік кеңістіктегі үлгі. Нәтижесі де бар - Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік», - деді Елбасы.
Н. Назарбаев өңірлік ықпалдастықтың қарқынды дамуын атап өте отырып, екі елдің өңіраралық ықпалдастығының форум алаңында президенттердің жыл сайын өтіп тұратын кездесулерінің маңыздылығын атап көрсетті. «Елдеріміз арасында екіжақты ықпалдастықтың шешілмеген сұрақтары жоқ», - деп түйіндеді Елбасы.
Сонымен қатар Н. Назарбаев 1992 жылы екі ел қол қойған Мәңгілік достық және ықпалдастық жөніндегі келісімнің - мерейтойлық датасының маңыздылығын атап өтті.