Қазақстан мен Ресейдің шекара қызметінің басшылары кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің Директоры генерал-майор Дархан Ділманов Ресей Федералды қызметі директорының бірінші орынбасары - Шекара қызметінің басшысы армия генералы Владимир Кулишовпен кездесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚҚ Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
None
None

null
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекара ведомстволарының басшылары сенімді әрі тұрақты түрде дамып келе жатқан екіжақты шекаралық ынтымақтастыққа көңіл тоятындығын атап өтті.

Күн тәртібі бойынша Қазақстан - Ресей арасындағы шекараны келісіммен күзетуге көшудің, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметі аясындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелері қаралды.

null  

Сонымен қатар тараптар бақылау-өткізу бекеттеріндегі жағдайды, біріккен шекаралық бақылау туралы шешімді жүзеге асырудың жай-жапсарын талқылады. Қазақстан мен Ресейдің шекарашыларының Каспий аймағындағы өзара ынтымақтастық қарым-қатынасын талқылау да назардан тыс қалмады.

null  

Генерал-майор Дархан Ділманов пен армия генералы Владимир Кулишов кездесуді қорытындылай келе бұл шараның екі жаққа да өте пайдалы болғандығын, алдағы кезде екі мемлекеттің шекара ведомстволарының ынтымақтастық қарым-қатынасына жаңаша серпін беретіндігін атап өтті.

null  

Соңғы жаңалықтар