20:38, 03 Шілде 2009 | GMT +5
Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтары жастарының фестивалі өтті
ҚОСТАНАЙ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қорған қаласында (Ресей) «Біз ХХІ ғасырда бірге өмір сүретін боламыз» деген тақырыпта халықаралық фестиваль өтті, оған Қазақстан мен Ресей жастарының өкілдері қатысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қостанай облыстық ішкі саясат басқармасынын хабарлауынша, бұл фестиваль осымен жетінші рет өткізіліп отыр, оның мақсаты - халықаралық жастар ынтымақтастығын кеңейту, ТМД-дағы «Жастар жылы» аясында бірлескен шаралар жүргізу, жастар саясаты саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ жастар арасындағы жұмыстың инновациялық түрлері мен әдістерін пысықтау болды.
Фестиваль ауқымында жастардың өзекті проблемалары бойынша «дөңгелек үстел» отырыстары, Қорған облысы жастар үкіметінің акциясы, «Академик Илизаров атындағы қалпына келтіру травматологиясы мен ортопедиясы» ресейлік ғылыми орталығына саяхат, «Сіздің үйіңізге тыныштық тілеймін» фестивалі, спорттық-демалыс шаралары ұйымдастырылды.