14:40, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары кездесті
МӘСКЕУ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Х сессиясы барысында Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Дәненов Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Яковенкомен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тараптар адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады. Кеңестік ұйымдық-институционалдық қалыптасу және оның жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде егжей-тегжейлі пікір алысты. Әмбебап мерзімдік шолу амалына ерекше назар аударылды.