Қазақстан мен Сан-Марино матчына билет толық сатылып кетті

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында бүгінгі Қазақстан және Сан-Марино кездесуіне қанша жанкүйер қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform

жанкүйер
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қазақстан футбол федерациясынан мәлім еткендей, бүгін, 17 қарашада елорда уақытымен 21:00–де «Астана-Арена» стадионында басталатын кездесуге барлық билет сатылып кеткен. 

Аталған ойын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан және Сан-Марино кездесуіне бас төреші қызметін австриялық Харальд Лехнер атқарады.

Оған отандастары Андреас Хайденрайх пен Стефан Пихлер көмекшілік жасайды.

Қосалқы төреші де — австриялық Себастьян Гишамер.

Бұған дейін жанкүйер ең көп жиналған ойын Қазақстан — Финляндия кездесуінде тіркеліп, сол жолы 30 019 жанкүйер ұлттық құрамаға қолдау білдірген еді. 

Қазақстан құрамасының елордада өткен ойындарын тамашалаған жанкүйерлер:

23 наурыз. Қазақстан — Словения. 27 122 жанкүйер
26 наурыз. Қазақстан — Дания. 28 697 жанкүйер
7 қыркүйек. Қазақстан — Финляндия. 30 019 жанкүйер
10 қыркүйек. Қазақстан — Солтүстік Ирландия. 28 458 жанкүйер. 

Ел құрамасы H тобында 8 ойыннан кейін 15 ұпай жинап, үшінші орында тұр.

Алғашқы екі орындағы Словения мен Данияның еншісінде 19 ұпайдан бар.

Сондай-ақ, ел құрамасы 20 қарашада сырт алаңда Словениямен шеберлік байқасады.

Алдағы екі ойында жеңіске жеткен жағдайда Қазақстан құрамасының құрлықтық дода финалдық сатысына жолдама алуына мүмкіндігі бар. 

Соңғы жаңалықтар